«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» қарасты 400 компанияның арасынан іріктеліп алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» қарасты 400 компанияның арасынан іріктеліп алынды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» қарасты 400 компанияның арасынан іріктеліп алынды

Халықтық ІРО бағдарламасына қатысушы компанияға қойылатын талаптар тек қазақстандық ғана емес Лондон қор биржасының талаптарына да сәйкестендірілді.

  • 7 Қараша 2012
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөккев бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығының қаржы нарығына қатысушылар және жеке инвесторлармен болған кездесуінде осылай айтты.

«Елімізде биыл алғаш рет жүргізіліп отырған бұл акцияда «ҚазТрансОйлды» халықтық ІРО-ға шығаруға дайындау ғана емес оның болашақ инвесторлары ретінде акцияларын сатып алушылармен де жұмыс жүргізілуде. «Нұр Отан»ХДП, Қазақстан халық Ассамблеясы, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен өзге де қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жыл бойы аса ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қазірдің өзінде өз нәтижесін беруде. Алғашқы күннің өзінде 26 мыңнан астам жеке есеп шоттар тіркелді», — дейді Ө. Шөкеев. Оның айтуынша, Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне қарағанда, «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларын сатып алуға қазақстандықтардан алғашқы күні ғана 184,4 миллион теңгенің өтініші қабылданған. Бұл старт кезіндегі өте жоғары нәтиже. Қазақстандықтар оған белсенді түрде қатысып, акционерге айналатына сенім өте зор.

Соңғы жаңалықтар