"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Черногориямен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі келіссөздерді жалғастырады - Кәрім Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Черногориямен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі келіссөздерді жалғастырады - Кәрім Мәсімов

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Черногориямен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі келіссөздерді жалғастырады - Кәрім Мәсімов

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Черногорияның премьер-министрі Миломир Джукановичпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2008
  • 481
Фото - Caravan.kz

Келіссөздерге қатысушылар Қазақстан мен Черногория арасындағы сауда-экономикалық саладағы, сондай-ақ Орталық Азия мен Балқан өңіріндегі өңіраралық қарым-қатынастардағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, тараптар әлемдік қаржы дағдарысының екі елдің экономикасына әсері туралы пікір алмасты.

К. Мәсімов «әлемдік қаржы жүйесінде қалыптасқан жағдайға қарамастан, қазақстандық «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Черногориямен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі келіссөздерді жалғастыратынын» атап өтті.

Қазақстанның премьер-министрі «дағдарыстан соң айтарлықтай даму кезеңі басталады. Даму кезеңінде нақты инвестицияны іске асыру үшін дағдарыс кезеңінде де әзірлік керек. Сондықтан Қазақстан үшін туристік инфрақұрылымды, жол мен электрэнергиясын дамыту тәрізді секторларға инвестиция тарту тиімді болатынына» тоқталды.

Кездесуге қатысушылар екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың жағымды барысына назар аударды және ынтымақастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық танытты.

Келіссөздер барысында Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі қарсаңында өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды.

К. Мәсімов М. Джукановичті ЕҚЫҰ стандарттарына жауап беретін, ҚР үкіметі бүгін мақұлдаған бірқатар заң жобасынан хабардар етті.

М. Джуканович Қазақстанның аталған халықаралық ұйымға төрағалық етуіне Черногорияның толық қолдау көрсететіндігі туралы пікірін жеткізді және алдағы уақыттағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыуға мүдделілік танытты.

«Мен бүгінгі келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдер біздің елдер арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастарды дамытуға да, болашақта өңірлер арасындағы өзара терең іс-қимылдың анағұрлым мүмкіндіктеріне үлес қосатынына сенемін»,- деді К. Мәсімов кездесу соңында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар