Жарияланды: 410

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы болып Болат Палымбетов тағайындалды,деп хабарлайды жұма күні қордың баспасөз қызметі.

«Бейсенбі күні «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның ұжымына «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 2011 жылдың 23 мамырындағы №21/11 шешімімен тағайындалған басқарманың жаңа төрағасы Болат Палымбетовты таныстырды», - делінген хабарламада. Б. Палымбетов 2010 жылдың мамырынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы, 2009 жылы құрылған. Қор қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының дағдарысқа қарсы бағдарламасын аяқтау, жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру және дамыту.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть