«Самұрықтың» топ-менеджерлері неліктен миллиондап сыйақы алатынын түсіндіріп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрықтың» топ-менеджерлері неліктен миллиондап сыйақы алатынын түсіндіріп берді

«Самұрықтың» топ-менеджерлері неліктен миллиондап сыйақы алатынын түсіндіріп берді

«Самұрық-Қазына» топ-менеджерлері неліктен миллиондап сыйақы алатынын бүгін өздері түсіндіріп берді. Әңгімені ұлттық қор басшылары бонустың көлемінен бастады. Айтуларынша, 345 миллион теңге жалақы мен салыққа төленетін қаржыны бірге есептегендегі сомма екен.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 518
Фото - Caravan.kz

Ал, негізінен төленетін жылдық сыйақы мөлшері 185 миллион теңге көрінеді. Миллиондап бөлінген бонус туралы ақпарат кеше Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған болатын. Қомақты сыйақы Өмірзақ Шөкеев бастаған басқармасының 6 мүшесіне үлестірілген. Топ-менеджерлер бұл ақшадан бас тартса да болады. Бірақ әзірге төраға Шөкеевтен басқа ешкім мұндай қадамға бармапты. Тіпті 185 миллионды қомақты деп есептемейді де екен.

Нұрлан Рахметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қаржы директоры:

— Біз ғана мұндай ірі көлемдегі сыйақы алмаймыз. Өзге алпауыт компаниялардың басшылары қанша алатынын тексеріп көріңіз. «Самұрық-Қазынадан» әлдеқайда жоғары. Егер Ұлттық қорда нағыз мамандар жұмыс істесін десек бұл сомма кем болмауы керек. Өйткені қай жерде ақша көп төлейді адамдар сонда жұмыс істегісі келеді. Бұл шындық. 

Соңғы жаңалықтар