Caravan Logo

«Самұрықтың» топ-менеджерлері неліктен миллиондап сыйақы алатынын түсіндіріп берді

«Самұрықтың» топ-менеджерлері неліктен миллиондап сыйақы алатынын түсіндіріп берді

Ал, негізінен төленетін жылдық сыйақы мөлшері 185 миллион теңге көрінеді. Миллиондап бөлінген бонус туралы ақпарат кеше Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған болатын. Қомақты сыйақы Өмірзақ Шөкеев бастаған басқармасының 6 мүшесіне үлестірілген. Топ-менеджерлер бұл ақшадан бас тартса да болады. Бірақ әзірге төраға Шөкеевтен басқа ешкім мұндай қадамға бармапты. Тіпті 185 миллионды қомақты деп есептемейді де екен.

Нұрлан Рахметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қаржы директоры:

- Біз ғана мұндай ірі көлемдегі сыйақы алмаймыз. Өзге алпауыт компаниялардың басшылары қанша алатынын тексеріп көріңіз. «Самұрық-Қазынадан» әлдеқайда жоғары. Егер Ұлттық қорда нағыз мамандар жұмыс істесін десек бұл сомма кем болмауы керек. Өйткені қай жерде ақша көп төлейді адамдар сонда жұмыс істегісі келеді. Бұл шындық. 

Loading...