"Оның қыздарды Қарағандыдан Араб Әмірліктері мен Бахрейнге жіберетіндігі туралы шұғыл ақпарат түсті, қыздар онда модель бизнесімен айналыспай, сексуалды қызметтер көрсеткен», деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық полицияның баспасөз қызметінен.
Полиция дерегіне қарағанда 21-жастағы бойжеткен өз құрдастары мен өзінен кіші қыздарды тартып,көп ақша берем деп уәде еткен немесе қорқытқан.
Қазіргі уақытта 17 қыздың аты-жөндері анықталған. Тергеу жүргізілуде. Ең кішісі 15-те, оны шетелге шығаруға сенімхатты анасы берген, ол қызын жетекші сән үйлерінің фотосессиясына бара жатыр, деп ойлаған.
Қыздардың бәрі де ауқатты отбасынан шыққандар. Директорға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол қазір изоляторда отыр.