Сандра Буллок әлемдегі ең сұлу әйел деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сандра Буллок әлемдегі ең сұлу әйел деп танылды

Сандра Буллок әлемдегі ең сұлу әйел деп танылды

People журналы голливудтық актриса Сандра Буллокты 2015 жылғы ең сұлу әйел деп таныды. Алайда ол сыртқы сұлулықты аса  биік қоймайтыны атап өтіледі.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 826
Фото - Caravan.kz

50 жастағы Буллок журналдың шешімін естігенде, жай ғана жымиып қоя салған, деп жазады  Утро.ру. Нағыз сұлудық қарапайымдылықта, — деді ол.«Әлемдегі ең сұлу әйел мен екенін айтып, журнал редакциясынан  қоңырау шалғанда өз құлағыма сенбедім. Бұл туралы ешкімге айтпадым да!»

Басылым актриса  аналық сезімді баға жетпес сұлулық деп санайтынын жазады.

«Жақсы ана атанып, әр күні бір игі іс істей білсең, нағыз сұлулық сол дер ем», — деді Сандра.

Бірнеше жыл бұрын ол жетім Лусианы асырап алған. Сұхбатында   актриса  ең жылы сөздерді ұлынан еститінін айтқан. Буллок бір кездері баласын ұйықтатпақшы болған уақытта,  ұлы:  «Кәрі, әжім-әжім болсаң да  сені қатты жақсы көремін» деген екен.

«Мен кәрімін бе?» дегенде, ұлы: «Жоқ кәрі емессің сен бақыттысың», — депті.


Айта кетейік, People басылымы жыл сайын ең сұлу, тартымды нәзік жанды өкілін таңдайды. Өткен жылы «Оскар» сыйлығының иегері «12 жыл құлшылық» фильмінің жұлдызы Лупита Нионго әлем сұлуы атанған болатын.