Сандықтау ауданында 48 миллион теңгеден астам субсидия игерілмегені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сандықтау ауданында 48 миллион теңгеден астам субсидия игерілмегені анықталды

Сандықтау ауданында 48 миллион теңгеден астам субсидия игерілмегені анықталды

Ақмола облысының Сандықтау ауданында 48 347 025 теңгенің көлемінде субсидия иегерілмеген анықталды.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокуратура келтірген мәліметтерге қарағанда, 2014 жылы жанар-жағармайға субсидия алуға ауыл шаруашылығы бөліміне АШТӨ-ден (ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер)  барлығы 176 өтінім келіп түскен, соның ішінде 101 АШТӨ-і құжаттар топтамасын толық ұсынбауларына байланысты субсидиялаудан бас тартылды.

Алайда, Үкіметтің 2014 жылғы 29 мамырдағы №574 қаулысымен бекітілген Қағиданы бұзып Ауыл шаруашылығы бөлімі АШТӨ  өтінімдері мен құжаттары 5 жұмыс күні ішінде пысықтауға қайтарылмаған.

Осылайша, жұмыс органының қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаудың нәтижесінде  101 АШТӨ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қолдауға арналған субсидияны ала алмай қалған. Нәтижесінде ауданның жергілікті атқарушы органымен ЖЖМ бөлінген субсидияның көлемі толығымен игерілмеген. Игерілмеген субсидияның көлемі 48 347 025 теңгені құрайды. Бұл арада, ВАК субсидия алушылардың тізіміне құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, атап айтқанда егу айналымы далаларын орналастыру карталарының көшірмелерін ұсынбаған АШТӨ енгізу фактілері анықталды.

Сондай-ақ, АШТӨ тізіміне енгізуден бас тартылған жағдайда, бөлім тексеріс жүргізгеннен кейін екі жұмыс күн ішінде АШТӨ-не бас тарту себебін көрсетіп тиісті анықтама беруі керек болса, "Алтын-Жер" ЖШС, "Грицаев" ЖШС, "Гранд" ШҚ, "Атамекен" ШҚ, "Шан Агро" ЖШС, "Айнұр ШҚ, "Мәдениет" ЖШС, "Жақсылық"ЖШС, "Уни" ЖШС, Богородка ШҚ, "Веселое" ЖШС, "Шантөбе" ШҚ және "Сандықтау" ЖШС өтінімдерін қарау кезінде де осындай бұзушылықтарға жол берілген.


Тексерістің нәтижелері бойынша аудан прокуратурасының ықпал ету актісімен Сандықтау ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Г.Қабденова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде, аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары К.Омаров бақылаудың жоқтығы үшін сөгіс түрінде тәртiптiк жауапкершілікке тартылды.