Сандықтау ауданында екі адамның арасындағы жанжал өліммен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сандықтау ауданында екі адамның арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Сандықтау ауданында екі адамның арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Сандықтау ауылындағы үйлердің бірінен полиция қызметкерлері Полтавка ауылы тұрғынының мәйітін тапты. Ол шаруашылықта малшы болып істеген. Ер адам жабық бас-сүйек жарақаты мен миға қан құйылудан кейін көз жұмған, деп хабарлады Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен.

  • 16 Қараша 2013
  • 364
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлері анықтағандай, зардап шегуші мен үй иесі сол күні бірге спирттік ішімдік ішкен. Біраздан соң екеуінің арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Ұрыс-керіс кезінде үй иесі өзінің қонағының басынан ұрып, оның өліміне себепкер болған.

ҚР ҚК 103-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша қамау изоляторына тоғытылды.