Жүк көлігі алдымен жеңіл автомобильді соғып, артынша жол жағасындағы екі адамды басып кеткен. Бұдан тыс көлікте отырған бір отбасының бес мүшесі де зардап шекті.
Сан-Франциско полициясының өкілі Грейс Гаптенданның айтуынша, алдын ала мәліметтерге орай фургонның жүргізушісі спиртті ішімдік немесе есірткі әсерінде болмаған. Полиция бұл оқиғаның лаңкестікке де қатысы жоқ екенін айтып жатыр.