Рәзия Оразбаеваны Семей қалалық соты дүние-мүлкін тәркілеу арқылы 5 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына кескен болатын. Сондай-ақ ол 3 жылға дейін мемлекеттік мекемелерде қаржылық лауазымдар атқару құқығынан айрылды.
Естеріңізге сала кетейік, сотталушы «Саңырау балаларға арналған мектеп-интернаты» мекемесінде бухгалтер болып істеп жүріп, 2007-2010 жылдардың аралығында жалған құжаттар толтыру жолымен 16 миллион 675 мың 247 теңгені қалтасына басқан болатын.