Санитар дәрігер халықаралық рейстерге қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санитар дәрігер халықаралық рейстерге қатысты пікір білдірді

Санитар дәрігер халықаралық рейстерге қатысты пікір білдірді

Жақында Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, сондай-ақ Мысыр, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанға ұшуға болатыны туралы белгілі болды. Осы бағыттар бойынша рейстер қашан ашылатынын Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов айтты. 

  • 29 Маусым 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Санитар дәрігердің айтуынша, рейстің нақты қашан ұшатыны әлі белгісіз.

"Әзірге отандық және шетелдік әуетасымалдаушылардың жоспары жоқ. Біз шекараны аштық, ал әуе рейстерінің ұшуы компанияларға, солардың дайындық дәрежесіне байланысты болады", — деді Сәдуақас Байғабылова тілшіге.

Еске салайық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасынан Түркияға, Қытайға және Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия
 мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайта ашылатыны белгілі болған.

Соңғы жаңалықтар