Санитарлық дәрігерлер: Павлодар облысында алынған балықтар радиоактивті емес - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санитарлық дәрігерлер: Павлодар облысында алынған балықтар радиоактивті емес

Санитарлық дәрігерлер: Павлодар облысында алынған балықтар радиоактивті емес

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемсанэпид қадағалау комитеті департаментінің Павлодар облысы бойынша директоры Қанат Сакиев табиғатты қорғау прокуратурасының Пограничник селосының маңындағы көлден браконьерлер ұстаған балық радиоактивті деп таратқан мәліметтерді теріске шығарды.

  • 11 Маусым 2011
  • 739
Фото - Caravan.kz

«Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерінің Ақсу қаласының тастанды тұрмыстық — қалдық сулары жиналатын көлден ұсталған балықтың радиациясы фоннан 2,5 есеге артық деген ақпарат тарады. Мемсанэпидқадағалау департаментінің мамандары тәркіленген балықтың құрамында радиоактивтік заттар барлығына зерттеу жүргізді. Мен ресми түрде зерттеулер нәтижесі балықтарда радиациялық заттар анықталмағанын мәлімдеймін», — деді Қ. Сакиев жұма күнгі баспасөз мәслихатында.

Одан басқа, Қ. Сакиевтің айтуынша, аталған хабардан соң, көлден су мен топырақ, балшық пен балықтар зерттелді. Оларда да радиация анықталған жоқ.

«Демек балықтарда радиоактивтілік фоннан артып тұр деп жариялау мезгілсіз болды. Дегенмен біз балық пен басқа алынған зерттеу материалдарын республикалық радиологиялық зертханаға жібердік», — деді ведомство басшысы.

Мемсанэпид қадағалау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Пограничник селосының маңындағы Подковка көлі Ақсу қаласының тұрмыстық қалдық суларының нәтижесінде пайда болған және «Горводоканал» МКК-ге тиесілі. Су қоймасы жылына екі рет тексеріліп тұрады. Бірақ баспасөз мәслихаты барысында журналистердің Ақсу ферроқорытпа зауыты (ENRCметаллургиялық корпорация құрамына кіреді – ҚазТАГ) да тастанды суларын осы көлге ағыза ма, деген сауал ашық қалды.

Бұрын хабарланғандай, Павлодар облыстық табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция қызметкерлері «Уылдырық шашу» («Нерест») ОПШ жүргізу барысында Екібастұздық 54 жасар тұрғынның көлігін тоқтатты. Оны тексеру барысында көлік салонынан әр түрлі балығы бар (тұқы, табан) жалпы салмағы 435 кг болатын 15 қапшық алған. Балықтар ветеринарлық экспертизаға жіберілді. Мамандардың сараптамасына сай алынған балықтардың радиациялық фоны нормадағы шекті мәннен 2,5 есе артық болған.

Табиғатты қорғау полицейлері қауіпті балықтың қайдан екенін анықтады. Ол балықтар Ақсу қаласының канализациялық және басқа да ағынды сулары тасталатын техникалық көлден ұсталғаны анықталды. Бұл көлден балық ұстауға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар