Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері парламентаралық ассамблеясының кезекті отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері парламентаралық ассамблеясының кезекті отырысы өтеді

Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері парламентаралық ассамблеясының кезекті отырысы өтеді

Бүгін, 13-қарашада ТМД елдері парламентаралық ассамблеясы мен ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясының шараларына қатысу үшін сенат спикері, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов бастаған ҚР парламентінің өкілдері Санкт-Петербург қаласына аттанып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың БАҚ-тармен байланыс жөніндегі бөлімінен хабарлады.

  • 13 Қараша 2003
  • 398
Фото - Caravan.kz

Парламентшілер ТМД елдері парламентаралық ассамблеясының кезекті жалпы отырысына, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы Бюросының, ТМД-ға қатысушы елдердің парламентаралық ассамблеясы кеңесінің, Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің отырыстарына қатысады.

Сондай-ақ, еліміз өкілдері «ТМД елдерінің халықаралық лаңкестікпен және оны қаржыландырумен күрес саласындағы ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады.
Сапар барысында О.Әбдікәрімов бірқатар парламенттік делегация өкілдерімен кездеседі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар