Санкт-Петербургте Қазақстанның мәдени және іскерлік ынтымақтастық орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санкт-Петербургте Қазақстанның мәдени және іскерлік ынтымақтастық орталығы ашылды

Санкт-Петербургте Қазақстанның мәдени және іскерлік ынтымақтастық орталығы ашылды

Бүгін, 7-қазанда Санкт-Петербургте "Қазақстан" деп аталатын мәдени және іскерлік ынтымақтастық орталығының алғашқы отырысы өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қазан 2005
  • 568
Фото - Caravan.kz

Бұл орталықтың ашылуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарына орайластырылумен бірге ол осы қалада тұратын қандастарымыздың қауымының қыркүйектің аяғында өткен дүниежүзі қазақтарының ІІІ құрылтайына жауап-сый ретінде арналды.

Елшіліктің ақпаратына сәйкес, «Қазақстан» орталығы Ресей мен Қазақстан біріккен бизнес-жоспарларды Ресейдің солтүстік-батыс аймақтарына таратумен белсене айналыспақшы. Ал таяу уақыттарда орталық Қазақстан Республикасының бас консульдығының жаңа ғимараты мен Ресейдің солтүстік астанасында басқа да Қазақстандық ірі нысандарды салуға атсалысады. Осы жөніндегі уағдаластық Қазақстан президенті мен Санкт-Петербург қаласының губернаторы Валентина Матвиенконың жуырдағы кездесуінде жасалды.
Іскерлік орталық мәдениет саласында Қазақстанның таңдаулы шығармашылық ұжымдарының гастрольдерін өткізу, Ресейде алдағы жылы аталып өтетін Абай жылы аясында Санкт-Петербург қаласында түрлі шараларды ұйымдастыруға түрткі болмақ.
«Қазақстан» орталығының төрағасы болып Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы сауда өкілдігінің өкілі Қазыбек Баттақов сайланды. «Біз орталығымыздың Санкт-Петербург жерінде отанымыз — Қазақстанның бір көркем әрі шағын бөлшегіне айналса деп тілейміз»,- деді ол.
«Қазақстан» орталығының ашылуына Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаев, Қазақстанынң Санкт-Петербург қаласындағы бас консулы Сергей Нұртаев пен осы қалада тұратын қазақ диаспорасының көрнекті өкілдері қатысты.

Перейти к новостям спорта