Санкт-Петербургтегі қазақ студенттері Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санкт-Петербургтегі қазақ студенттері Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады

Санкт-Петербургтегі қазақ студенттері Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады

Әлеуметтік желіде Санкт-Петербургтегі қазақтардың Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын көрсететін видео жарияланды. Онда жастар соңғы кездері сәнге айналған Mannequin Challenge флешмобын жасаған. Студенттер бейнекөріністе домбыраны, туды және "Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Питер қазақтары" деген жазуды бірнеше бөлікке бөліп ұстап тұр. 

  • 17 Желтоқсан 2016
  • 922
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Mannequin Challenge — ғаламторда осы жылдың қарашасында тараған тренд-видео әрі флешмоб. Бұл сөз ағылшыншадан аударғанда "менекенге ұқсауға шақыру" болады. Онда адамдар қозғалмай қалады да, соны оператор түсіріп шығады. Мұнда музыка да болады. Әдетте оған Rae Sremmurd тобының  Black Beatles әні қолданылып жүр.


Санкт-Петербургте қазақ студенттерінің тəуелсіздік мерекесімен құттықтауы!!

Posted by Ерқанат Тұрсынжанұлы on Friday, December 16, 2016

Соңғы жаңалықтар