Санта-Клаус Астана аспанынан ұшып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 529.99
  • 546.63
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санта-Клаус Астана аспанынан ұшып өтті

Санта-Клаус Астана аспанынан ұшып өтті

24 желтоқсан күні Солтүстік полюстен ұшып шыққан виртуалды жаңажылдық аяз ата бұғылар жегілген арбада әлемдік турне жасауда.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 412
Фото - Caravan.kz

Санта-Клаус Ресейдің Алыс Шығысына, Жаңа Зеландияға, Австралияға, Океанияға, Жапонияға, Индонезияға, Филиппинге, Солтүстік және Оңтүстік Корея мен Қытайға өзінің сыйлықтарын беріп үлгерді.

Дүйсенбі күні түнге жақын жаңажылдық сиқыршы Қазақстанның екі қаласы — Астананың сондай-ақ Қарағанды облысының Қарсақбай елді мекенінің аспанымен ұшып өтті. Бұл туралы АҚШ пен Канаданың Әуе шабуылына қарсы қорғану бірлескен командованиесінің «Твиттердегі» парақшасына сілтеме жасап Tengrinews сайты жазды. Олар Сантаның саяхатын тек радарлармен және спутниктермен ғана емес, арнайы Санта-камералармен және жойғыш ұшақтармен бақылайды.

Шетелдік виртуалды Аяз атаның турнесі 25 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша түскі сағат бірде аяқталады. Осы уақытта ол ғаламшардың барлық балаларын құттықтау үшін барлық құрлықтар мен елдердің ірі қалаларында болады.

NORAD сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, Санта-Клаустың шанасының ұзындығы 150 кәмпиттен, жалпақтығы 80 кәмпиттен тұрады, ал салмағы 110 кәмпиттің салмағына пара-пар. Бұл ретте, оған 117 келілік жүк пен ондаған тонна сыйлық тиелген.

«NORAD Сантаны бақылайды» жобасы 1955 жылы басталды. Ол кезде Колорадо штатындағы ірі дүкендердің бірі балаларға Санта-Клаусқа телефон соғу туралы үндеу тастап, жарнама орналастырды. Бірақ, хабарламада көрсетілген телефон нөмірінде қателік кетіп, балалар Әуе шабуылына қарсы қорғану құрлықтық бірлескен командованиесінің (NORAD-тың негізін қалаушы) шұғыл желісінің операторына қоңырау соға бастады.