Қазақстандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпы есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сегіз боксшымыз финалда жұдырықтасып, оның төртеуі қарсыласқа есе жіберген.
Belgrade winner турнирінде жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары:
Алтын:
Ернұр Қайрат (48 келі), Санжар Тәшкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Диас Молжігітов (75 келі);
Күміс:
Сабыржан Аққалықов (71 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Данияр Рақымбердиев (92 келі), Олжас Боқаев (+92 келі).