Сапарбаев 9 мамырда ардагерлерге төленетін сыйақының біркелкі болмауына наразы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапарбаев 9 мамырда ардагерлерге төленетін сыйақының біркелкі болмауына наразы

Сапарбаев 9 мамырда ардагерлерге төленетін сыйақының біркелкі болмауына наразы

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне төленетін материалдық көмектің біркелкі болмауына наразы болды.

  • 27 Сәуiр 2018
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақтөбе әкімдігі Жеңіс күнінде 55 соғыс ардагері мен мүгедектеріне 300 мың теңге төленетінін айтты: біруақытта төленетін қаражат — 120 мың теңге және денсаулығын дұрыстауға — 180 мың теңге. Алға, Мартөк, Мұғалжар және Хромтау ауданында тұратын 8 ардагер мен мүмкіндігі шектеулі жанға 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін көмек көрсетіледі. Әкім осы шешімді сынға алды. 

"Сіздер қандай принципке сүйене отырып, бір ардагерге 300 мың, ал екіншісіне 100 мың теңге беру шешімін қабылдадыңыздар? Барлығы 300 мыңнан алуы тиіс. Сонымен қатар, барлық ардагерге көбірек назар аударылып, азық-түлік салынған себеттер мен сыйлықтар берілуі тиіс", — деді Бердібек Сапарбаев қоластындағыларға. 

Ақтөбе облысында 63 Ұлы Отан соғысы ардагері мен мүмкіндігі шектеулі жан өмір сүріп жатыр. Ал тыл еңбегерлер саны — 6258. 2018 жылы Астанада Ұлы Отан соғысы ардагері мен мүмкіндігі шектеулі жандар 511 мың 135 теңге алады. 

Алматыда, әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай берілетін бірмезеттік әлеуметтік көмек мөлшері 150 мыңнан 250 мың теңгеге өсетінін айтты. 


Оқи отырыңыз:

Эстрада өкілдерінің көбі жанды дауыста ән айтса масқарасы шығып қалатындарын біледі — Жан Мұқанов

Астана медицина университетінен шығарылған студенттердің оқу үлгерімдері жақсы болған

Павлодар облысына қытайлар зауыт ашуға келді

Соңғы жаңалықтар