Сапарбаев ардагерлерге төленетін бір реттік төлемді теңестіруді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапарбаев ардагерлерге төленетін бір реттік төлемді теңестіруді тапсырды

Сапарбаев ардагерлерге төленетін бір реттік төлемді теңестіруді тапсырды

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне тұратын өңіріне қарамастан бірыңғай төлем белгілеуді тапсырды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

  • 8 Қараша 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz

Сапарбаев әрбір облыста Жеңіс мерейтойын атап өтуге дайындық бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, вице-премьер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және "Қазақстанның ардагерлер ұйымы" орталық кеңесімен бірге Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне төленетін бір реттік төлем сомасын теңестіру мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты. 

"Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, тарихи миссияны орындап, фашизмді жеңуге үлес қосқан қазақстандықтарды ардақтау жалпы мемлекеттік ауқымдағы шара. Біз күш-жігерімізді оларды жан-жақты қолдауға бағыттауымыз қажет. Ешбір ардагер назардан тыс, қамқорлықсыз қалмауы тиіс", — деді Сапарбаев.


Белгілі болғандай, отырыстың қорытындысы бойынша Жеңістің мерейтойына арналған жоспар жобасында барлығы 67 іс-шара қарастырылған. Оның арасында әскери парад та бар.

Соңғы жаңалықтар