Сапарбаев мәйіттерге арналған қаптар туралы видеоға пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапарбаев мәйіттерге арналған қаптар туралы видеоға пікір білдірді

Сапарбаев мәйіттерге арналған қаптар туралы видеоға пікір білдірді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәйіттерге арналған қаптар туралы видеоға қатысты пікір білдірді.

  • 8 Шiлде 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Әлеуметтік желілерде өлгендердің денелеріне арналған қаптар туралы видео тарады. Автордың айтуынша, бұл видео Таразда түсірілген. Бұл мәлімет қаншалықты рас?", — деп сұрақ қойды брифинг қатысушылары.

"Біріншіден, автордың айтып отырғаны дұрыс емес. Автор соңына дейін оқымаған. Мен осындай авторларға мынадай кеңес берер едім — егер қандай да бір мақала немесе ақпарат оқыса, адам алдымен соңына дейін оқуы керек. Онда видеоның Ақтауда түсірілгені айтылады. Екіншіден, онда Маңғыстау облыстық әкімдігінің бұл мәліметті жоққа шығарғаны жазылған. Кейбіреулер мұны қайта жазып, басып шығарып, оқиғаның Таразда болғанын жазған. Бізде ондай жағдай болған жоқ", — деп жауап берді әкім.


Мұның алдында Маңғыстау облысы әкімдігіндегілер роликтің оларға қатысы жоқ екенін және видеоның фейк екенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар