Сапарбаевтың інісі Қызылорда облысының әкімі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапарбаевтың інісі Қызылорда облысының әкімі болды

Сапарбаевтың інісі Қызылорда облысының әкімі болды

 

  • 7 Сәуiр 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Президент Тоқаевтың жарлығымен Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.


2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жж. — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар