Сапасыз үйге «жарамды» деп қорытынды берген жемқор шенділер құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапасыз үйге «жарамды» деп қорытынды берген жемқор шенділер құрықталды

Сапасыз үйге «жарамды» деп қорытынды берген жемқор шенділер құрықталды

Шымкентте 100-ден астам отбасы тұратын сапасыз үйлерге сапалы деп қорытынды беріп келген шенділер ұсталды. Облыстық сараптама институтының лауазымды тұлғалары ешқандай стандартқа сай келмейтін баспаналар мен ауылдық мектептің құрылысын салған мердігердің жіберген кемшіліктеріне көз жұмып қараған.

  • 16 Қараша 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz


Пара беру кезінде қолға түскен директордың орынбасары Асқар Сарыпбеков әуелі телефон арқылы көкелеріне хабарласпақ болды. Соңынан есіктен шығып тұра қашуға талпынды. Парақорлар көпқабатты екі үймен ауылдағы мектептің құрылысында кеткен кемшіліктерді әдейі жасырып келген. Институт басшысының орынбасары мен бас сарапшы осындай шешімі үшін 675 мың теңге алып жатқанда қақпанға түсті. Қазір, Асқар Сарыпбеков пен бас сарапшы Алик Үмбеталиевке және оларға пара берген «Азат и К» мекемесінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.