Сақ бол, Баян! Зиялы қауым Президентке дейін бармақ – Меруерт Түсіпбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сақ бол, Баян! Зиялы қауым Президентке дейін бармақ – Меруерт Түсіпбаева

Сақ бол, Баян! Зиялы қауым Президентке дейін бармақ – Меруерт Түсіпбаева

Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызына тағы сын айтты.

  • 26 Ақпан 2018
  • 508
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды. 

"Алагөзова тақырыптан арнайы ауытқымасын. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда ол менің байымды тартып алып па еді? Оған өшігетіндей? Осы тақырыпты жаба салайын деп қысқа күнде қырық рет ілік іздеп жүрген журналиссымақтарға интервью беруден бас тартып жүрсем. Интервью беріп, анау-мынау деп қоймайды аузымды қышытым. Баян-ау! Сенің орныңда тып-тыныш отыратын едім тақырыпты ушықтырмай. 54 миллион әкеңнің қаржысы емес, мемлекеттікі ғой?! Қытайда болсаң, осы жағдай үшін сотталып немесе атылып кете барар едің ғой. Аяғың аспаннан салбырап түссе де… Былтыр ғана айып тағылған ағамнан қай жерің артық? Заң барлығына бірдей емес пе? Мемлекеттік тапсырыспен түсіріліп, халықтың 54 миллион қаржысын ысырап қылған "Баян сұлуыңды" жарамсыз, ұлтты қорлау деп тауып, кемшіліктеріңді тізбектеп жазған зиялы қауымның жанайқайына неге құлақ түрмейсің? "Я провалила проект. Қолымнан келмеді, деңгейім жетпеді" деп қателігіңді мойындау да ерлік-ау?" – деді Меруерт. 

Меруерт Түсіпбаева қолында қаражаты болса, сериалды өзі түсіруге белін бекем буып отыр.

"Егер мемлекетімізде жол салатын компания асфальт төсеп, біраз уақыттан кейін, мысалы, жол тесіліп жүруге жарамсыз болып қалса, сотқа береді. (Сауаттысың ғой, ондай жағдайлардан xабардар боларсың…). Мемлекет кеткен қаржысын өндіріп алып, штраф салып, жол салуды басқа мекемеге тапсырады. Ұлттық мүддені қорлаған, шалажансар сериалға кеткен шығынды қайтартып, қайтадан тендер жариялап, білімді продюсерге түсірту еді менің ойым. Сөйте тұра әу баста қойылған мақсат – Президентіміздің "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан ұлттық арнасының тиесілі уақытын жауып қана қоймай (!) (эфирное время), қазақстандықтарға, әсіресе, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, руxани азық болатын "Баян сұлу -Қозы Көрпеш" сериалын өңделген, жаңа күйінде ұсыну! Сен болсаң, тақырыпты бұрмалайсың! "Біресе рөл сұрады, біресе заказали" деп… Жерге түс, Баян! Тв саласына еңбегі сіңген атақты редактор Қайнар Олжайды оқы. Саған "киемен ойнама" деді. Қазақ – киелі xалық. Сақ бол, Баян! Зиялы қауым Президентке дейін бармақ… Одан да кешірім сұра xалқыңнан "сенімін ақтай алмадым" деп. Онда былай болсын. 54 миллионды қайтарыңдар, мен өзім түсіремін! Түсіре алмасам, бетіме келіп түкіріңдер! Тоқетері осы. Тақырып жабық", – деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Естеріңізге салайық, Баян Алагөзова түсірген "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" сериалы Қазақстан Ұлттық арнасынан көрсетілген соң, дау туып, біраз адам сериалды арнадан алып тастауды талап етті. Талап етушілердің қатарында Меруерт Түсіпбаева да болды.