Мәселен, мұндай бастаманы әнші Бүркіт пен оның жары Аиша көтерген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Дабыл сөмкесіне жұлдызды жұп қолшам, спирт, балауыз шам, телефон қуаттағышы, бір бума ақша, термос, оттық, рация, дәрі-дәрмек, құжаттарын салған.
"Соңғы орын алған жер сілкісінен кейін дабыл сөмкесін жинауды жөн көрдік. Құдай сақтасын не болса да. Дегенімен де, сақ болыңыздар", — дейді олар. Және эстафетаны әріптестері Луина, Нұрлан Албан, Анара Батырханға жолдаған.
Эстафетаны қабыл алған Нұрлан Албан да халыққа өз үндеуін жасап, видеосын желіге жүктеді.