Сақ болыңыз! Талдықорғанда 5 және 10 мыңдық жалған купюралар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сақ болыңыз! Талдықорғанда 5 және 10 мыңдық жалған купюралар табылды

Сақ болыңыз! Талдықорғанда 5 және 10 мыңдық жалған купюралар табылды

- Алматы облыстық ІІД-нің Жедел басқару орталығына Талдықорғанда және қала маңында валютаның жалған банкноттары таралғаны туралы хабарламалар келіп түсе бастады.

  • 9 Қараша 2012
  • 718
Фото - Caravan.kz

Полицияға бірнеше сауда орталығының алданған сатушылары мен букмекерлік кеңсенің қызметкерлері шағымданды. Сондай-ақ бірнеше жинақ банкінде 5-10 мың теңгелік жалған купюраларды тапсыру әрекеттері анықталды. Полицейлер тәркілеген жалған ақшаның жалпы сомасы 40 мың теңгеден асты.

Жедел-іздестіру шараларының барысында тәртіп сақшылары Талдықорғанның 30 жастағы тұрғынын ұстады, оны тексеру кезінде құны 5 мың теңгені құраған тағы алты жалған ақша белгісі тәркіленді. Өз түсініктемелерінде ұсталған азамат жалған ақшаның оған белгісіз адамға теледидар сатқан соң келіп түсуі мүмкін екенін айтты.

Қазіргі уақытта тергеу материалдары облыстық қаржы полициясына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар