Сақ ханшаймының келбетін көретін күн жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сақ ханшаймының келбетін көретін күн жақын

Сақ ханшаймының келбетін көретін күн жақын

«Үржар ханшайымын» қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда!  Тарихи олжа 2 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысынан табылған. Кейін қайта жаңғырту үшін Алматыға жіберілген болатын. Қазір ханшайымның бас сүйегін Мәскеу антропологтары зерттеп жатыр. Ал, сүйектің қалған бөлігі арнайы камерада сақтаулы. Жыл соңына дейін толық бейнесін қалпына келтіреміз дейдің ғалымдар.

  • 1 Тамыз 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz

Үржар ауданынан табылған сақ дәуіріндегі әйел ІV-ІІІ-ғасырларда өмір сүрген. Ал, оның жас шамасы 20-да, бойы 170 сантиметр. Ханшайымды жерлеу рәсімі салтанатты түрде өткені байқалады. Сүйегі қанша ғасыр өтсе де жақсы сақталыпты. Оны мамандар Алматыға жаңа «Құм дорба» әдісі арқылы әкелген.

Қырым Алтынбеков, рестовратор:

— «Құм дорба» деген қаптар  жасап алдық. Солармен упаковка жасағаннан кейін, осында алып келдік. Мың шақты километр жол жүріп келдік. Жолсыз жермен. Ештеңе бүлінген жоқ. Сол күйінде тұр. Киімдерінің бәрі шіріп кеткен. Тек қана металдан жасалған заттар бар, содан кейін ағаштан жасалған заттар бар.

Әйелмен бірге әшекей бұйымдар мен ыдыс-аяқтары көміліпті. 2 жылдан бері рестовраторлар ұзақ уақытты қажет ететін қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатыр.


Қазір Үржар ханшайымының бас сүйегін Мәскеу антропологтары зерттеуде. Ал, денесінің қалған бөлігі мынадай сақтау камерасында жатыр. Мұндағы тұрақты температура мен арнайы химиялық қосындылардың көмегімен сүйек бұзылмай, қаз қалпында сақталады.

Ханшайымның сүйегіне осыған дейін рентгенмен 15 сараптама жасалған екен. Ал, ыдыс-аяқты жаңғырту жұмыстарын мамандар толық аяқтаған.

Сақ қызының киім үлгісі әлі жасалып жатыр. Анықталғандай, ол қызыл түсті ұзын көйлекте жерленген. Ал, басындағы тәжіне самұрық құс бейнеленіпті. Толық қалпына келтіру жұмыстарын жылдың аяғына дейін бітіреміз дейді мамандар. Одан кейін қайта жаңғырған сақ ханшайымы ұлттық мұражайға тапсырылмақ.

Соңғы жаңалықтар