"Сақал мен паранджа үшін айыппұл төлетеді": Елді дүрбелеңге салған хиджаб мәселесіне тағы бір ел нүкте қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сақал мен паранджа үшін айыппұл төлетеді": Елді дүрбелеңге салған хиджаб мәселесіне тағы бір ел нүкте қояды

"Сақал мен паранджа үшін айыппұл төлетеді": Елді дүрбелеңге салған хиджаб мәселесіне тағы бір ел нүкте қояды

Қырғызстанда енді сақал қойып, парнджа кигені үшін жергілікті халық айыппұл төлейтін болады.

  • 15 Қараша 2023
  • 199
Фото - Caravan.kz

Мұндай бастаманы қырғыздың депутаттары көтеріп отыр, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. 

Қырғызстандық халық қалаулылары бетті жабатын киім мен ұзын сақал қойғандарға айыппұл төлетуді талап етуде. Заңға енген тиісті өзгертулер енді қоғам талқысына түскен. 

Белгілі болғандай, заң жобасы "қауіпсіздікті сақтау және азаматтардық құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға" бағытталған көрінеді. 

Әзірге заң жобасы тек жергілікті халыққа ғана қатысты болмақ. Шетел азаматтары мен диломаттар үшін мұндай шектеулердің қатысы болмайды, дейді жергілікті қырғыз БАҚ беттері.