Сақалды футболшыларға айыппұл салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сақалды футболшыларға айыппұл салынады

Сақалды футболшыларға айыппұл салынады

Түріктің «Генчлербирлиги»  клубының президенті Илхан Джавджав сақал қойған футболшыларды жазалауға ұсыныс шығарды, деп хабарлады The Guardian.

  • 17 Қараша 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Жасым 80-де. Алайда күнде қырынамын. Бұл имамдардың мектебі емес. Спортшылар жастарға үлгі болуы тиіс», — деді Джавджав.

 «Генчлербирлиги» басшысы сақал қойған өз командасының  ойыншыларына 25 мың түрік лирі (11 мың долларға жуық) көлемінде айыппұл салуды жоспарлап отырғандығын айтты. Сонымен қатар ол бұл тыйымды барлық түрік чемпионатының ойыншыларына қолдануға ниетті.

Түрік біріншілігінде көбінесе ислам дінін ұстанатын футболшылар ойынға  шығатынын атап өтеміз. Исламшыл футболшылар бұл шешімге наразы, олар сақал қоюды парыз санайды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера