Сақалды полицейлер жұмыстан шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сақалды полицейлер жұмыстан шығарылады

Сақалды полицейлер жұмыстан шығарылады

Мысыр соты сақал қоятын полицейлерді қызметтен шеттетуді қолдады.

  • 14 Қыркүйек 2018
  • 39
Фото - Caravan.kz

Каирде сақал қоятын полиция офицерлері сот шешімімен жұмыстан қуылады, деп хабарлады РИА Новости "Аль-Ахрам" газетіне сілтеме жасап.

Мысыр заңына сәйкес, тәртіп сақшылары сақал мен шаш өсіріп, өзінің діни сенімін жұртқа жария қылмауы тиіс.   

2012 жылы Мысырда билік исламшылдардың қолына өткеннен кейін сақал қоятын полицейлер сот арқылы діни сенімінен бас тартпауға мүмкіндік алған еді. 

Дегенмен енді Ішкі істер министрлігі басшылығын сақал қойғаны үшін жұмыстан қуылған полиция офицерлерін қызметіне қайтарып, бұрынға шендерін қалпына келтіруге міндеттеген әкімшілік соттың шешімі күшін жойды.   


 

Соңғы жаңалықтар