Сақалды жігіт өзге діннің жетегінде кеткен әйелін аяусыз пышақтап тастағанын айтып жар салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сақалды жігіт өзге діннің жетегінде кеткен әйелін аяусыз пышақтап тастағанын айтып жар салды

Сақалды жігіт өзге діннің жетегінде кеткен әйелін аяусыз пышақтап тастағанын айтып жар салды

Әлеуметтік желіде әлдебір сақалды жігіт өз әйелін пышақтап тастаған айтып жар салды.

  • 14 Қараша 2017
  • 205
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Видеода ОҚО тұрғыны келіншегін өзге діннің жетегінде кеткені үшін жазалағанын айтады.

«Өзімнің әйелім орыстың дініне кіріп кетті. Қанша мәрте айтып қайтардым.Бірақ қайтпады. Қолыңнан не келеді, пошел» деп айтты дейді ол өз сөзінде. Қолымен ұзын пышақты көрсеткен жігіт келіншегіне оны түбіне дейін сұғып алғанын да мойындайды. 

«Өлсе өлген шығар, мен күнә жасадым, бірақ Аллаға серік қосқан жоқпын деп ақталады ол.

Өзінің кім екенін де жасырмаған сақалды Сайрамдағы 1983 жылы туған Хайролла Нарыметов деген адам мен боламын деп мақтанышпен жеткізеді. Қазір бұл жігіт қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатқан көрінеді.