Жарияланды: 50

Сақтандырылған азаматтар ЭКО қызметіне тегін жүгіне алады 

Сақтандырылған азаматтар ЭКО қызметіне тегін жүгіне алады 

Қор басшысы Айбатыр Жұмағалиев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтар жылына бір рет жасанды жолмен ұрықтандыру қызметіне тегін жүгіне алатынын айтты. 

Алайда, бұрынғыша квота арқылы берілетін болды. Яғни, жасанды жолмен перзент сүйгісі келген адам сақтандыру жүйесіне қатысып отырса да, квотаға ие болуы керек. Бұл туралы баспасөз мәслихатында белгілі болды. 

"Эко" қызметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің ішіне кіреді. Оған жыл сайын квота бөлінеді. Квота бойынша сақтандырылған азаматтар эко қызметін жылына бір рет тегін алады деуге болады, - деп атап өтті Қордың басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағалиев.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бұрын ақылы болған кейбір медициналық қызметтер тек сақтандырылған азаматтар үшін тегін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін