Сақтансаң - сақтаймын. Төтенше жағдайлардың қалай алдын алу керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сақтансаң - сақтаймын. Төтенше жағдайлардың қалай алдын алу керек?

Сақтансаң - сақтаймын. Төтенше жағдайлардың қалай алдын алу керек?

Бүгінде қоғам түрлі қауіп-қатерге толы. Сол себепті де еліміз үшін қауіпсіздік басты мәселе ретінде белгіленген.

  • 28 Наурыз 2018
  • 21496
Фото - Caravan.kz

Ал Caravan.kz медиа-порталы айналадағы қауіп-қатерден қорғану жолдарын қарастырып көрді.

Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да көбейіп кетті. Мәселен қыс айларында боран, өрт оқиғалары жиі тіркелетін болса, көктем шыға қар суының еруінен болатын су тасқыны жиі орны алып жатады, ал жазда дала өрті көп тіркелуде. Көп жағдайда бұл климаттың өзгеруімен және өзге жағдайлармен байланыстырылып жүр.

Осындай қауіп-қатерді болдырмау мақсатында елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдары жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама дайындалды. Төтенше жағдайдың алдың алу мәселесі еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ қолға алынды. Мысалы 1993 жылы Елбасының табиғи және техногендік сипаттағы түрлі апаттардың алын алу және зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулысы шықты.

Онда өнеркәсiп апаттары, табиғи зiлзаладан туындайтын төтенше жағдайларға жол бермеу және олардың зардаптарынан келетiн шығынды азайту мәселелерi мемлекеттiк саясат жүргiзудiң басым саласы деп саналсын, делінген.Бұған қоса Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшылары адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экономиканың мемлекеттiк секторының экономикалық әлеуетiн сақтау жөнiнде уақтылы шаралар қабылдамағаны үшiн жеке-дара жауап бередi, деп тайға таңба басқандай жазылған. Жалпы аталған қарарда еліміздің төтенше жағдайдағы алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаның жобасын әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн, онда бiрiншi кезекте: республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы ғимараттардың, құрылыстардың, әсiресе мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң, мектептердiң, ауруханалардың, емханалардың, адамдар жаппай келетiн әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердiң және басқа объектiлердiң сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; құтқару қызметiн нығайту, оны керектi адам санымен толықтыру және қажеттi техникамен, арнайы жабдықтармен, шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандыру, сондай-ақ табиғи зiлзала, апат болған кезде халыққа медициналық көмек көрсету туралы бас айталған.

Елбасы тапсырмасынан соң көп ұзамай арнайы бағдарлама жайлы Министрлер кабинетінің қаулысы шыққан болатын. Қазіргі кезде халықты табиғи төтенше жағдайлардан қорғайтын уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті болып табылады.

Бүгінде заман өзгеріп технология атаулы қарыштап дамыған сайын, адамзатқа төнетін түрлі сипаттағы қауіп те күшейе бермек. Сондықтан халықты түрлі қатерден, оқыс жағдайлардан сақтандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану және сол арқылы елге төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы көмекті көрсету тәсілдерін үйретудің маңызды екені белгілі. Қазіргі бұл тәсіл сәтті қолданыла бастады. Мысалы ауа-райының өзгерістерін, болуы мүмкін түрлі жағдайларды ескертіп, сақтандыратын СМС-хабарламалар жүйесі кең қолданыла бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі жаңа стратегиялық мақсатқа жету үшін – еліміздегі төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау жүйесін де әлемдік стандарттарға сай жасау қажеттігі. Ол үшін, заман талап етіп отырғандай, бүкіл Қазақстан азаматтарын Азаматтық қорғау саласы бойынша оқытып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт – насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керекті айтылған. Бүгінде еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті апаттардың алдын алу мақсатында барынша жұмыс істеуде.

Мәселен, биыл 2017 жылғы тасқын кезеңіне Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдарының әзірлігі туралы анықтамадда 5,6 шақырым қорғау бөгені жөнделіп, 4,5 шақырым салынды, 13,5 шақырым жағалауды нығайту және 23,2 шақырым өзен арнасының түбін тереңдету, 5,2 ш су тасуы қауіпті өзен арнасын түзету және кеңейту жасалды, 456 автомобиль жолдары мен көпірлері астындағы, 33 темір жолдар мен көпірлер астындағы су өткізу құбыры тазартылыпты.

Бұған қоса халықты оқыту және құлақтандыру жүргізілуде. Телевизия бойынша 72 сөз сөйлеу, радиода 587, баспа басылымдарында 192 сөз сөйлеу ұйымдастырылған көрінеді. ІІМ нұсқауы бойынша өңірлерде қазіргі уақытта елді мекендерде рейдтер (298), халықпен жиылыстар (
453
) белсенді түрде жүргізілуде, онда су тасу кезіндегі іс-қимылдар қағидалары бар жадынамалар (23959) таратылған. Су тасқыны қаупі мен туындауы туралы халықты құлақтандыру үшін 1764 электрлік сирена пайдаланылуы мүмкін, олардың ішінде 945 электрлік сирена орталықтан және 819 электрлік сирена жергілікті жерлерден іске қосылады, бұл республика аумағында тұратын 60%-ға жуық халықты қамтуға мүмкіндік береді. Мәселен 2016 жылы Алматы қаласының әкімдігі халықты құлақтандыру жүйелерін ішінара жаңғыртты, оған 77 дауыс зорайтқыш құрылғысын орнату кірді. Оңтүстік Қазақстан облысында ұжымдық құлақтандыру жүйелерінің 13 жинағы және 11 электрлік сирена орнатылды. Ақмола облысының әкімдігі 2 электрлік сиренаны және аудандық буындағы құлақтандырудың 2 жүйесіне жабдық сатып алды.

«Сақтансаң — сақтаймын» деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Бүгінде апаттың алдын алу үшін елді құлақтандыру мақсатында еліміздің арнайы мамандары түрлі шараларды атқарып, әр түрлі жолдарын қарастыруда. Түрлі қысқа брошюралар мен бейне ескертулер дайындалған. Мәселен ел аумағының 60 пайызын шөл дала саналатын дала өрті туралы және оның себептері жайлы арнайы видеода көптеген ақпарраттар бар.

Ал мына видео зардап шегушіге қалай алғашқы медициналық көмек көрсетуге болады деген сауалға нақты жауап береді.

Ал үйіңізде өрт шыққан жағдайда не істеу керектігі жайлы нақты әрі қысқа да нұсқа мәлімет төмендегі бейнекөріністе айтылады.

Қыс мезгілі таяған тұста пештегі ақаудан болатын өрт оқиғалары көп орын алады. Ендеше оның алдын алу жайлы нұсқауларды мына видеодан көруге болады.

 

Халыққа қауіп-қатерден қалай сақтануды үйрететін түрлі жадынамалар мен видеолардан бөлек кішкентай баларға арналған мультфильм түрінде жасалған ескертпелер де бар.

 

Жалпы, елімізде халықтың есінде қалған талай табиғи апаттар болды. Көптеген адамның өмірін жалмаған оқиғалар тіркелді. Соның салдарынан қаншама адам ажал құшты. Ал келтірілген шығын көлемі тіптен қисапсыз. Қазақстанда болған ірі табиғи апаттардың басым көпшілігі жер сілкінісі, су басу, қар көшкіні сынды табиғи құбылыстармен байланысты. Соның көктем кезінде су тасқынына байланысты болған Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында тіркелген табиғи апат. Аталған нәубеттен 45 адам көз жұмған болатын. Су тасқыны тұтас бір ауылды қиратып кетті.

Орын алған қайғылы оқиғадан кейін өтенше жағдайлардың алдын алу мәселесіне аса қатты мән беріліп келеді.Биыл алғашқы жарты жылдықта Азаматтық қорғау органдары қызметінің нәтижесі былай болды.

Республика аумағында 7 230 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді, онда 1 585 адам зардап шекті, оның ішінде 492адам қаза болды. Материалдық нұқсан 1 055,9 млн. теңгені құрады.«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 2 млн. 824 мың 37 қоңырау, оның ішінде «101»-ге 945 мың 261 қоңырау келіп түсті.

Осы төтенше оқиғалар салдарын жою үшін өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқарушылар және ТЖ өзге бөлімшелері 31 мың 262 шығуды жүзеге асырды, 6 413 адам құтқарылды, ТЖ аумағынан 20 731 адам көшірілді, 3 004 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі 23 456 – дабыл бойынша шығуды жүзеге асырды,

«Апат айтып келмейді» деген қанатты сөздің астарында үлкен мән бар. Сондықтан, қандай төтенше жағдай болмасын, біздің елдің азаматтары өз білімдерін жетілдіруді азаматтық борышы санаса артық болмас.