Сара Брайтман Астанада ән шырқайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сара Брайтман Астанада ән шырқайды

Сара Брайтман Астанада ән шырқайды

Британдық әнші Сара Брайтман Астанада 6-шы шілдеде ән шырқайды, деп Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

  • 6 Маусым 2011
  • 512
Фото - Caravan.kz

«… Ерекше концерттік бағдарлама мен тамаша әлеуметтік-мәдени шаралар дайындалды. Бір ғана (…) құпияны ашайын. Қазақстан тарихында тұңғыш рет тамаша әнші Сара Брайтман бізге келе жатыр. Ол Вебердің барлық мюзиклдарында негізгі партияларды орындайды», — деді М. Құл-Мұхаммед, дүйсенбі күнгі үкімет сағаты барысында.

С. Брайтман, ағылшын әншісі, сопрано, классикалық кроссовер жанырындағы әлемдегі көрнекті орындаушылардың бірі.

2008-ші жылы С. Браитман қытайлық поп-әнші Лиу Хуанмен бірге жазғы Олимпиада ойындарының «Бір әлем, бір мақсат» атты ресми әнұранын орындады.

Елорда күні Қазақстанда 2008-ші жылдан бері аталып өтілуде. 2008-ші жылы «ҚР-дағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізіліп, «Елорда күні» мемлекеттік мерекесі енгізілді.

Бұрындары қала елорда мәртебесін алғалы бері 1998-ші жылдан бастап, ол мерекені қалалық деңгейде 10-шы маусымда атап өтетін.

Соңғы жаңалықтар