Сара Назарбаеваның туған күнінде барлық мектепте "Өзін-өзі тану" сабағы өтеді, деп хабарлады Sputnik білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 ақпан "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның туған күнінде республиканың барлық білім беру ұйымында оқу күнінің бірінші және екінші ауысымдары "Өзін-өзі тану" сабағымен басталады.
Сара Алпысқызының бастамасы бойынша республиканың барлық өңіріндегі 71 білім беру ұйымында жалпы оқу-тәрбие процесінде "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.
"Өзін-өзі тану" бағдарламасының осы кезеңін жүзеге асырудың ерекшелігіне тоқталсақ, ол "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғыртуға және қазақстандық қоғамды рухани қайта өркендетуге бағытталған.
Бағдарлама отбасы институтын нығайту, қоғамымыздағы зорлық-зомбылықты, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сияқты көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.