Сарань мектебінің директоры мектепке бірінші сынып оқушыларын қабылдамауға байланысты жұмыстан шығарылды - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарань мектебінің директоры мектепке бірінші сынып оқушыларын қабылдамауға байланысты жұмыстан шығарылды - телеарна

Сарань мектебінің директоры мектепке бірінші сынып оқушыларын қабылдамауға байланысты жұмыстан шығарылды - телеарна

Қарағанды. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сарань қаласындағы №4 мектептің директоры Меруерт Мамырова мектепке бірінші сынып оқушыларын қабылдамауға байланысты жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "5 канал" телеарнасына сілтеме жасап.

  • 12 Қыркүйек 2008
  • 682
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге, қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі Қайырбек Омаров та жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды телеарна.

Сарань қаласының әкімі Мейрам Смағұловтың айтуынша, мектеп директоры жағдайды шиеленіске жеткізгені үшін жұмыстан шығарылды. Ал бөлім меңгерушісі ғимараттың ескілігіне байланысты балаларды бірінші сыныпқа қабылдау мүмкін емес екендігі жөніндегі бұйрықты дер кезінде дайындамағаны, яғни, өзінің лауазымдық міндетін орындамағаны үшін лауазымынан айрылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сарань қаласындағы №4 мектептің директоры Меруерт Мамырова орыс тілінде білім алуға ниет білдіріп, жазда құжаттарын өткізген 28 баланы бірінші сыныпқа қабылдаудан бас тартқан. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облыстық прокурорының аға көмекшісі Нұрбек Күзбақов хабарлады.

Н. Күзбақовтың айтуынша, білім беру мекемесінің жетекшісі Сарань қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі Қайырбек Омаровтың ауызша бұйрығына сілтеме жасаған.

Сарань қаласындағы №4 мектепте сабақтар орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі. Сол себепті орыс тілді бірінші сынып балдырғандарының ата-аналары осы мектепті артық көрген. Алайда, ата-аналарға балаларды орыс тілінде білім беретін №17 мектепке ауыстыру ұсынылған.

Қ. Омаровтың айтуынша, мұндай шешім қабылдауға 50-ші жылдары салынған мектептің ескілігі себеп болған. Онда 760 баланың орнына 860 бала оқиды. Мектептің құлап қалу мүмкіндігі бар, бәрі де қауіпсіздік мақсатында жасалған.

Ата-аналар прокуратураға шағымданды. «Шағымда келтірілген деректер расталды. Бізге мектептің кәсіподақ комитеті де осындай шағыммен келді. Мектеп ұжымы қалалық білім беру бөлімі мектепті толығымен қазақ тіліне көшіруге ниеті бар ма деп алаңдайды. Ондай жағдайда орыс тілінде білім беретін 40 мұғалім жұмыссыз қалмақшы», — деді Н. Күзбақов.

Қазір осы дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар