«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ішкі істер департаменті мәлімдегендей, 25 жастағы ер кісі жексенбі күні жол полицейі қызметкерінің жөндеуде тұрған көлігін мініп, үш серігімен қалаға қыдырып қайтпақ болған.
Қала маңында қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқан көлік аударылған. Жол апаты салдарынан көліктегі бір адам қайтыс болып, екі адам жарақат алған, ал автослесарь ол жерден қашып кеткен.