Сарапшы балалардың жалған діни ағымдарға қалай шырмалатынын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшы балалардың жалған діни ағымдарға қалай шырмалатынын түсіндірді

Сарапшы балалардың жалған діни ағымдарға қалай шырмалатынын түсіндірді

Егер бала немесе жасөспірім сананы улайтын жалған діни ағымдардың жетегінде кетсе, онда әлеуметтік тәуелділікке әкеп соғу қаупі жоғары.

  • 22 Шiлде 2020
  • 88
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталының тілшісі экстремизмнің алдын-алу жөніндегі танымал отандық сарапшы Юлия Денисенкомен осы тақырып төңірегінде тілдесіп көрді.

— «Жалған діни ағымдар» деген терминді ұната бермеймін, дейді Юлия. — Неге? Себебі, мен ұзақ уақыт бойы осы тақырыппен айналысып жүргендіктен, діндегі мәселелерді көрдім. Сондықтан мен «культ» яғни, «ғибадат немесе табынушылық» деген психологиялық терминін өз тәжірибемде қолданамын. Стивен Хассен секталарға қарсы әрекет ету мен ақыл-ойды басқаруда олардың төрт түрін анықтады: діни, саяси, психотерапиялық және коммерциялық.

Айтыңызшы, жалпы осындай діни ағымдарға балалар мен жасөспірімдер қалай тап болады?

— Террористердің көпшілігі 30 жасқа дейінгі жастар. Олардың өмір тарихына үңілсеңіз ата-ананың қамқорлығынан және назарынан ерте айырылған, сонымен қатар жас күнінде психологиялық соққы алған, әлімжеттік құрбаны болған, жақындарынан ерте айырылған қаралы жастар екенін байқауға болады.

Бала кезіндегі эмоционалды байланыстардың болмауының орны идеологиялық немесе діни нұсқа арқылы, атап айтқанда, бір немесе басқа көшбасшыға фанатикалық тұрғыда берілгендік түрінде толықтырылады немесе идеялар мен мінсіз әлемнің діни-утопиялық армандары арқылы өтеледі.

Ата-ана тәрбиесінде баланың ересек жасқа жеткенде деструктивті діни ағымды таңдау жасауға ықпал етуі мүмкін тағы бір жағдай — бұл инфантилді тұлға қалыптастыратын отбасылық тәрбие стилі. Әсіресе егер баланың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау туралы жақындарының үлкен қорқынышы болған кезде. Мысалы, балаға тіпті аздаған қатер туса, тіпті кез-келген әрекетке тыйым салынады. Мысалы, құлап қалмас үшін, бір жерін ауыртып алмас үшін ата-аналар бала үшін ең қарапайым әрекеттерді де өздері орындайды.

Нәтижесінде балада ұсақ моторика дамымайды, бұл психиканың дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан, бұл балалар әдетте өте ақылды болады, бірақ олар ақыл-ойын өздігінен пайдалана алмайды. Балалық шағында олар өздері істеу керек істі атқарған жоқ. Сондықтан олар ешқашан күнделікті өмірде тәуелсіз бола алмайды. Сол себепті олар «жұмаққа тез жету» идеясына өте жақын, оған жету үшін сізге ештеңе жасаудың қажеті жоқ, тек ұрыс алаңына қарумен кірсеңіз жеткілікті. Айтпақшы, өз-өзіне қол жұмсаудың 70 пайызы инфантилді типтерге, яғни "бала бейне" күйінде қалған тұлғаларға тиесілі. Олар әдемі, сүйкімді, бірақ өте агрессивті келеді. Өзін-өзі бағалаудың төмендігі үнемі бақылауды қажет етеді.

Аса сезімталдықтың екінші жасы — бұл 17-19 жас аралығындағы жастар. Қоғамда өзін-өзі көрсетуге деген шынайы талпыныс болған кезде шиеленіс басталады. Бірақ ол үшін күш жеткіліксіз, сондықтан адамның өзінен гөрі күшті және білімді меценаттардың қолдауы қажет. Кейде діни ағымға тартатын арандатушылар әлгі жастардың ойындағы іздеген адамы болып шығады.

Мұндай жалған діни ағымдардың жетегінде кетпеу үшін баланың міндетті түрде діндар болуы керек пе?

— Өте жақсы сұрақ, соның арқасында біз ең кең тараған аңыздардың бірін әшкерелейміз. Діндарлықтың бұған ешқандай қатысы жоқ! Әдетте, террористік ұйымдарға тарту діндарлыққа немесе керісінше, дінді білмеуден емес, адамның психологиялық және әлеуметтік жағдайына негізделеді. Діни ағымға тартушылар көз тіккен құрбанының проблемалары, қажеттіліктері және өмірлік мақсаттары арқылы ойнайды. Бастапқыда сізге ешкім: «Жаңа Құдайға сену үшін менімен бірге жүр!» деп айтпайды. Оның орнына олар кешкі сауыққа, курстарға баруды ұсынады Діни ағымға тартуды көздейтіндер — өте жақсы психологтар.


Олар уысына түсіруді көздеген адамның қалауы мен амбицияларына сәйкес қиялындағы ертегіні құрастырады. Олар сонымен қатар кез-келген талғамға сай рухани тауарлар ұсынады. Менің тәжірибемде «несие берушілерден құтқарамын» деген уәдеге сеніп ағым жетегіне кеткен адамдар болды. Ал жасөспірімдер жағдайында «жаңа достарды» өзі таптыма немесе радикалды идеологияны ата-аналары өздері енгізді ме дегенді қарастырған жөн.

Ал балалар мен жасөспірімдердің мұндай ағымдарға шырмалу қауіпі жоғары ең қауіпті жас қандай?

— Адам психикасы соншалықты ерекше, тіпті бірыңғай стандарт жоқ. Біреулер ұзақ жылдар бойы табынушылықта болса да кейін өз күшін жинап, кетіп қалады, ал енді бірі өте қысқа уақыт ішінде-ақ өмірін онсыз елестете алмайды және ақыр соңында мерт болады. Жастарды арбаудың негізгі мақсаты тез иланғыш, осал болғандықытан емес. Себебі денсаулығы, идеология, эмоционалды көңіл-күйі және басқа да факторлар тұрғысынан да келешегі зор.

— Егер бала немесе жасөспірім осындай жалған діни ағымның мүшесі болса, оны бұл жерден шығару мүмкін бе?

— Мұндай статистика жоқ. Ол жақтан шыққан адамдар да іс жүзінде жоқ деседе болады. Мәселе мынада, көп ата-аналар дер кезінде әрекет етпейді. Әрине, әртүрлі себептер бойынша. Мысалы мен Сирияда қайтыс болған жігіттің анасымен сөйлестім. Ол баласының өліміне өзінен басқаның барлығын кінәлі санайды. Ол ұлының радикалдануын екі жыл бойы бақылап отырған, бірақ ешқандай әрекет жасамады. Сонымен қатар, бізде туыстар мен достар алдында «ұят болады» деген ұстаным бар. Сондықтан ешкім бұл мәселені отбасы ошақ қасынан сыртқа шығарғысы келмейді. Ия, егер сіз бәрін уақтылы және дұрыс жасасаңыз, баланы алып шыға аласыз.

Сонымен, жасөспірім баланың мұндай құрылымның шырмауына түсіп кетпеуі үшін не істеу керек?

— Меніңше, мұнда бір ғана шешім болмауы керек. Олар кешенді түрде жасалған жөн. Мемлекет тұрғысынан «Террористер жаман!» деген ұран болмауы керек. «Біз жақсымыз!» деген ұран болуы тиіс. Жас ұрпақтың жалған діни ағымдар ұсынатын ұрандарға бас ұрмауы үшін балама жол көрсету керек.

Бірақ бала экстремизм идеяларына қарсы негізгі екпені отбасынан алады. Әрине, егер ондағы қарым-қатынас оң және сенімді болса. Есіңізде болсын: адамды ағымнан шығарып алу үшін оларды үйіндегі жақындары күтуі және жақсы көруі қажет.

Соңғы жаңалықтар