Сарапшы: Доллар бағамы 400 теңге болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшы: Доллар бағамы 400 теңге болмайды

Сарапшы: Доллар бағамы 400 теңге болмайды

Ұлттық валюта нарығында болып жатыр?

  • 5 Желтоқсан
  • 108
Фото: kapital.kz

Бүгін ұлттық валюта 499 теңге деңгейіне дейін күшейді. Доллардың күннен күнге құлдырап бара жатқаны халық арасында кеңінен талқыланып жатыр. Көпшілік “доллар арзандаса, тауарлар да арзандайды” деп ойлайды. Осы жағдайға байланысты Caravan.kz тілшісі сарапшымен сұқбаттасып, теңгенің бүгінгі жағдайы мен болашағы туралы сауал қойды.

Ұлттық банктің мәліметінше, теңге “официалық” және биржалық нарықтарда АҚШ долларына қатысты нығайған. Бұл нығаюды Ұлттық банк валюта ұсынысы көбейгенімен, долларға сұраныс азаю факторымен түсіндіреді. Сонымен қатар базалық мөлшерлеменің жоғары болуы теңгелік активтерді инвесторлар үшін тартымды етіп, ішкі нарықтағы валюталық балансқа оң әсер етті. Нәтижесінде доллар 499-500 теңге деңгейіне түсті.

Доллар неге 400 теңгеге дейін төмендемейді?

Қазақстан 2015 жылдан бері ашық айырбас курсы (free-floating) жүйесін қолданады. Яғни, валюта бағамын “административті түрде” төмендету немесе белгілі бір деңгейде ұстап тұру мүмкін емес. Бағам тек нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа тәуелді. 

Қазіргі кезде теңгенің нығаюы бірден 400 теңгеге жетуге негіз бола алмайды, өйткені басты факторларға сұраныс, ұсыныс, сыртқы нарық және әлемдік экономикалық ахуал жатады. Сондықтан 400 теңгеге нығаю өте сирек мүмкін сценарий.

Экономист Айбар Олжаев бізге берген жауабында былай дейді:

«Доллардың әлсіреуі уақытша құбылыс. 400 теңгеге түсуі екіталай. Біздің болжам бойынша келесі жылға 540 теңге деңгейінде кіреміз. Сол себепті халыққа асығыс шешім қабылдамауға кеңес беремін», — дейді сарапшы. 

Баға және импорт доллар бағамына тәуелді. Алайда доллар арзандады деп, бағалар төмендемейді дейді мамандар. 

Баға неге төмендемейді?

Көптеген тауарлар мен қызмет түрлері импортталатындықтан, доллардың арзандауы бағаға бірден әсер етпейді. Өндіріс шығындары, логистика, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі, инфляция және кәсіпкердің маржасы да бағаға әсер етеді.

«Бизнес доллар бағамының тұрақсыз екенін білгендіктен, бағаны бірден төмендетпейді, себебі курс қайта өсіп кетуі мүмкін. Тіпті отандық өнім өндірушілердің өзі пайдаланатын жабдықтар мен бөлшектердің көбін импорттайды, сондықтан долларсыз өндіріс толық мүмкін емес», — дейді депутат Тәңірберген Бердоңғаров. 

Сондықтан сарапшылар доллардың қазіргі әлсіреуін уақытша құбылыс деп бағалайды. 

«Курс тұрақсыз, жағдай әлемдік факторларға байланысты тез өзгеріп отырады. Доллар 400 теңге сценарийіне жетпейді, ал 499 теңге тұрақтанды дегенді білдірмейді. Мұнайдан қиындықтар болған күнде де, баға келесі жылы 540 деңгейінде қалуы керек», — дейді экономист.

Перейти к новостям спорта