Сарапшы: Коронавирусқа тест 30-40% жағдайда жалған нәтиже көрсетуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшы: Коронавирусқа тест 30-40% жағдайда жалған нәтиже көрсетуі мүмкін

Сарапшы: Коронавирусқа тест 30-40% жағдайда жалған нәтиже көрсетуі мүмкін

Анализдің дұрыс алынбауы салдарынан коронавируқа тест 30-40% жағдайда дұрыс нәтиже көрсетпеуі мүмкін.

  • 5 Қараша 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас пульмонологі, Сеченовский университетінің пульмонология кафедрасының меңгерушісі Сергей Авдеев мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Сондай-ақ, оның айтуынша, инфекцияға шалдыққан 95% адамның инкубациялық кезеңі 2 күннен 6 күнге созылады.

«Біз тест-жүйесіне еш күмән келтірмейміз. Тек тәжірибемізде тестілеудің жалған нәтиже көрсететін жағдайлары болуы мүмкін. Қаншалықты жиі: шамамен 30-40% жағдайда. Мәселе тестілеудің сапасында емес, анализді дұрыс алмауда болып тұр. Анализ сапасыз алынса, жалған нәтиже көрсетуі мүмкін», — деді Авдеев РФ Денсаулық сақтау министрлігінің алдыңғы қатарлы сарапшылары қатысқан COVID-19-ға қатысты жиында.

Сарапшы адамнан материалды алу уақыты да маңызды екенін атап өтті. Себебі аурудың алғашқы кезеңінде ПТР-тестінің оң нәтиже көрсетуі жиірек кездеседі. Сонымен қатар, Авдеев талдауды қайта тапсыру туралы шешімді дәрігер қабылдауы керек деп түсіндірді.