Сарапшы: Қырғызстанда Қазақстанға қарағанда латын әліпбиіне көшу мүмкіндігі жоқ
«Қазақстан өз әліпбиін латыншаға ауыстыра алады, |
ал Қырғызстан - жоқ», деп мәлім етті «Кешкі Бішкек» газетіне берген сұхбатында филология ғылымдарының докторы, «Манас» Қырғыз-Түрік университетінің профессоры Замира Дербішева.
«Еске салайық, өткен таяу күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің әліпбиін латыншаға ауыстыру туралы тапсырма бергендігі туралы ақпарат пайда болды», - деп жазады «Кешкі Бішкек» газеті.
Дербішеваның сөзіне қарағанда, егер латиница қазақ тілінің фонетикасын қамтитын болса, онда мұндай өзгерістер жасалуы мүмкін.
«Оның үстіне, Қазақстанның экономикасы көбірек дамыған. Ол Ресейден анағұрлым тәуелсіз мемлекет болып табылады, сондықтан, мұндай демаршты жасай алады. Қырғызстанның жағдайы бөлек. Ол қаржылық жағынан Ресейге тәуелді, және оның тарапынан мұндай қадам жағымсыз саяси реңкке ие болады. Онымен қоса, қырғыз әліпбиін латиницаға ауыстыру үлкен шығындарды қажет ететін қымбат әрекет болып табылады», - деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін