Сарапшылар: Алдағы бірнеше жылда мұнай бағасы едәуір арзандауы мүмкін
Сарапшылардың божамына қарағанда, алдағы бірнеше жылда әлемдік нарықта мұнайды ұсынушылардың көбеюінен «қара алтын» бағасы едәуір арзандауы мүмкін, деп хабарлады РБК. |
Мәселен, АҚШ энергетика министрлігінің өкілдері 2013 жылдың қортындысы бойынша Brent мұнайының баррелі 105 доллар, ал 2014 жылы - 99 долларға төмендеуі мүмкін дегенді айтады, 2012 жылдың қортындысы бойынша мұнайдың осы түрінің баррелі орташва алғанда 112 долларды құраған.
Сонымен бірге, американдық Global Hunter Securities (GHS) инвестициялық компаниясының өкілдері 2013 жылдың қорытындысымен WTI (Light Sweet) мұнайының бағасы барреліне 85 долларға дейін, ал 2014 жылдың қорытындысымен 80 долларға дейін арзандайды деген болжам айтады.
GHS өкілдерінің пікірінше, егер ОПЕК елдері бұл кезге дейін мұнай өндіру көлемін күніне 2,5 млн. баррельге дейін қысқарту жөнінде шаралар алмаса, WTI мұнайының бағасы 2015-2017 жылдары барреліне 82 доллардан аспайды.
Еске сала кетейік, 2013 жылғы 2 қаңтардағы сауда қорытындысымен Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы үш айдағы ең жоғары көрсеткіш - баррелі 112,47 долларға жетті. Ал Нью-Йорктегі NYMEX биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының бағасы 2013 жылғы 7 қаңтардағы саудада 93,19 барр/долларды құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін