Сарапшылар доллар 340 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деген болжам жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшылар доллар  340  теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деген болжам жасады

Сарапшылар доллар 340 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деген болжам жасады

Доллар бағамы бұрын-соңды болмаған рекордттық деңгейге жетті. Бас банкир ауысқалы тоқтаусыз өткен АҚШ ақшасы бүгінгі бөлшек саудада 300 теңгеден асқан. Бірақ бұл Ұлттық банкті ойландырмайтың сыңайлы. Доллармен ипотека беруге тыйым салатын заңды Сенатқа бекіттіріп алған Ұлттық банк басшылығы басқа айтарымыз жоқ деп кетіп қалды.

  • 6 Қараша 2015
  • 359
Фото - Caravan.kz

Соңғы 4 тәулікте 15 теңгеге көтерілген доллар бүгін  жаңа рекорд орнатып 300-ден асты. Алайда, талай сеніп аузы күйген жұрт қолындағы қаржысын долларға әлдеқашан ауыстырып тастаған. Сондықтан Астанада дүрлігу байқалмайды.

-Назар аударғымыз келмейді. Доллар қызықтырмайды. Бірақ бағаның өсіп кететіні жаман.

-Тоқтайтын уақыты болды енді. Тоқтайтын шығар.

Еліміздің аймақтарында да тыныштық. Валюта ауыстыру орталықтарында сату мен сатып алу күнделікті деңгейде жүріп жатыр.

Жандос Өмірзақов, Ақша айырбастау орталығының иесі:

-Доллардың қымбаттайтынын адамдар білді, оған дайын болды. Өйткені, валюта бағамы 180-нен 250-ге көтерілген кезде жұрт қолындағы бар теңгесін сатып жіберді.

Доллар дүрбелең салып жатқанда Сенатқа кезекті заң жобасын алып Ұлттық банк төрағасының орынбасары келді. Қуат Қожахметов доллармен берілетін ипотекалық несиеге тыйым салынатынын айтты. Бір ай бұрын да «жұртқа АҚШ валютасы бағамына мән берудің қажеті не?» деп таңқалған осы орынбасар болатын. Бүгін валютаға қатысты жақында жаңа басшы арнайы сұхбат береді деп құтылды.

Қуат Қожахметов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

-Осы аптада қызметіне кірісті ғой. Бір жауабын айтар деп ойлаймын.

Су жаңа бас банкир доллар курсын 250-ге түсіреді деген болжамдар жасалған. Алайда, жұрт енді АҚШ ақшасы өскен сайын сұхбат беріп, ақталатын Келімбетовке зар боп қалғандай.

Серік Жақсыбеков, Сенат депутаты:

-Ұлттық банктің біліктілігі өте төмен екен. Баяндама жасаушы банк туралы бар білгенін айтуға тырысты, бірақ біз қойған сұрақтың біріне де нақты жауап бермеді.

Бүгінгі доллар курсы қымбатшылықпен қатар бюджетті қайта қарауға алып келмек. 

Ерболат Досаев, Ұлттық экономика министрі:

-Үкіметте ол жұмысты өткізіп жатырмыз. Бірақ, енді Ұлттық банктің қандай 2016-2018 жылға не болатыны, сол кіргеннен кейін, сол өзгерістермен Парламентке келеміз.

Ал, сарапшылар теңгенің қолдан құнсыздануына, яғни алып-сатарлардың ойынына жол берген Ұлттық банкті тікелей кінәлап отыр.

Ғалым Құсайынов, экономист-сарапшы:

-Егер Ұлттық банктің жаңа басшылығы тағайындалған күннің ертесінде мәлімдеме жасағанда, бұндай ахуал болмас еді. Қор биржасына қатысушылар жайбасарлықты сезіп, теңгенің құнын құлдыратып жіберді. Банк ешқандай шара қолданбады. Бұл — теңгеге көрсетілген қысым. Қолдан жасалған деп ойлаймын.

Дүйсенбіде отставкаға жіберілген Қайрат Келімбетовтің орынтағына жайғасқан Ұлттық банктің жаңа төрағасы түк болмағандай кейіп танытуда. Данияр Ақышев тіпті бір ауыз сөз айтуға жарамай отыр. Ал сарапшыладың пікірінше, күн санап өсіп жатқан доллар мұнымен тоқтамайды.  АҚШ ақшасы 330-340 теңгеге жетіп бір тоқтауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар