Сарапшылар күнкөріс минимумының құрылымы мен тақыр кедейлікті айқындайтын стандарттарды өзгертуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшылар күнкөріс минимумының құрылымы мен тақыр кедейлікті айқындайтын стандарттарды өзгертуді ұсынады

Сарапшылар күнкөріс минимумының құрылымы мен тақыр кедейлікті айқындайтын стандарттарды өзгертуді ұсынады

Қазақстандық сарапшылар мен БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері үкіметке күнкөріс минимумының құрылымындағы азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын өнімдердің соңғысының үлес салмағы қатынасын қайтадан қарап, азық-түлікке жатпайтын өнімдерді арттыруды ұсынады. Бұл туралы бүгін, 25-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы сарапшысы Әлия Ілиясова хабарлады.

  • 25 Қараша 2004
  • 777
Фото - Caravan.kz

Сарапшылар күнкөріске қажетті ең төменгі тұтыным қоржынының құрамындағы азық-түлікке жатпайтын өнімдердің үлес салмағын қазіргі 30 проценттен 40 процентке жеткізуді ұсынады. Үй шаруашылықтарына жүргізген жүйелі зерттеу , талдау қорытындысы осындай нұсқау жасауға негіз болып отыр. Азық-түлік өнімдерінің үлес салмағын азайту, сарапшылардың пікірінше, қазақстандықтардың денсаулығына зиянын тигізбейді.

«Күнкөріс қоржынының жаңа құрылымында адам денсаулығына айрықша пайдалы өнімдер ескерілген»,- деді Қазақ тағамтану академиясының экология және тағам зертханасының жетекшісі Муса Айтжанов. Бір адам тұтынатын калория мөлшері Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тәулігіне 2172 ккал деңгейінде қала береді. Сарапшылар бірақ өнімдер түрін 43-ке дейін арттыруды ұсынады. Бүгінде тұтыным қоржынына 1998-жылы анықталған 20 түрлі өнім кіреді. Ал осы жолы ұсынылған қоржында жеміс-жидектердің үлесі үш есе, көкөністердің үлесі 13 процентке арттырылады.
Сонымен бірге жаңа тұтыным қоржынының құрамын айқындаушылар тақыр кедейлік шегін анықтайтын жолдарды түбегейлі өзгертуді ұсынады. Бүгінде кедейліктің ресми белгіленген шегі күнкөріс минимумының 40 проценті деңгейінде белгіленуде. Сарапшылар кедейлік шегі тұтыным қоржынының құнына тең болуы тиіс деген пікірде.
Сарапшылардың болжамына жүгінсек, Қазақстандағы күнкөріс минимумы 2005-жылы 7133 теңге, 2006-жылы 7525 теңге, 2007-жылы 7886 теңге болмақ. Қазіргі күнкөріс минимумы 5300 теңгені құрайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 3-қарашасында парламенттің жаңа құрамының алдында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006-жылдан бастап күнкөріс минимумы еліміздегі басты әлеуметтік стандартқа айналатынын жариялаған. Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, оның мөлшері жылына бір мәрте қаралады.

Перейти к новостям спорта