Сарапшылар Павлодардағы пәтерлердің бірінде үш жыл бойы өлігі қатырып сақталған қыздың өліміне ненің себепкер болғанын анықтай алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшылар Павлодардағы пәтерлердің бірінде үш жыл бойы өлігі қатырып сақталған қыздың өліміне ненің себепкер болғанын анықтай алмады

Сарапшылар Павлодардағы пәтерлердің бірінде үш жыл бойы өлігі қатырып сақталған қыздың өліміне ненің себепкер болғанын анықтай алмады

Павлодардағы пәтерлердің бірінде үш жыл бойы қатырып сақталған қыз өлігіне сот-медициналық сараптама жасалып аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-нан хабарлады.

  • 16 Шiлде 2003
  • 969
Фото - Caravan.kz

Сот-медициналық сараптама қыз өлімінің себептеріне қатысты сауалға дәлме-дәл жауап бере алмаған. Жалғыз белгілісі, көзі тірісінде қыз жүйелі қызыл жегі немесе қызыл ноқта ауруымен ауырған.

Облыстық Ішкі істер басқармасында атап көрсеткеніндей, аталмыш ауру салдарынан адамның ішкі дене мүшелеріне, әсіресе бүйрегі, жүрегі, бауыры, өкпесі мен буындарына зақым келіп, науқастың жалпы ахуалы өзгеріске ұшырайтын көрінеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қыздың мумияға айналдырылған мүрдесі оның бұрын шешесімен бірге тұрған пәтерінен табылған болатын. Полицияға қыздың ағасы хабарласып, қарындасын үш жыл бойы көрмегенін айтып алаңдаушылық білдірген болатын.
Қыздың тірі кезінде оның шешесіне өздерін космология жөніндегі ілімнің негізін қалаушы Ұлы Шри-Амата есімді әлдебіреудің ісін жалғастырушылармыз деп атайтын төрт әйел үнемі келіп тұрған . Солар қызды ауруынан айықтырып береміз деп уәде беріпті-міс. Алайда қыз қайтыс болып, оның мүрдесін шешесі үш жыл бойы үйінде қатырып сақтаған көрінеді.
ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлауынша, бұл дерекке байланысты әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар