Сарапшылар қазақстандық оқушылардың қабілет диагностикалау мәселелерін талқылады. - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшылар қазақстандық оқушылардың қабілет диагностикалау мәселелерін талқылады.

Сарапшылар қазақстандық оқушылардың қабілет диагностикалау мәселелерін талқылады.

Балалардың қабілетін диагностикалау олардың әлеуетін іске асыруға қалай көмектеседі? Академиялық білімді практикада тиімді пайдалану үшін қазақстандық оқушылар қандай дағдыларға ие болуы тиіс?

  • 9 Желтоқсан 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Сарапшылар «Qabilet» қызметінің диагностикадағы практикалық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел аясында қазақстандық оқушылардың әлеуетін дамытудың осы және басқа да мәселелерін талқылады. Іс-шара «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының онлайн-алаңында өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Qabilet» қызметі баланың қабілетін анықтауға және оның әлеуетін ерте жастан дамытуға көмектеседі. Диагностика XXI ғасырдың «4К» негізгі құзыреттіліктері — креативтілік, сыни ойлау, коллаборация және коммуникативтілік бойынша жүргізіледі. Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушы нәтижелері талданады, сондай-ақ әлеуетті дамыту бойынша консультациялық қолдау мен ұсынымдар беріледі.

Қызмет ақысыз негізде ұсынылады және 10-11 жас аралығындағы әр оқушыға қол жетімді. Тестілеуден өту үшін qabilet.elbasyacademy.kz – «Qabilet» онлайн-платформасында тіркелу қажет.

«Qabilet» -біз биыл іске қосқан Қазақстандағы мүлдем жаңа сервис. Осындай дөңгелек үстелдерді өткізу бізге өңірлерден жедел кері байланыс алуға, мамандар қандай қиындықтарға тап болатынын білуге және тестілеуге қатысушылардан кері байланыс алуға көмектеседі», — деді «Елбасы академиясы» КҚ директоры Асланбек Амрин.

«Біз күн сайын білім саласына ауқымды талаптар қойылатынын мойындаймыз. Біз жаңа өзгерістерге бет бұрған, дамып келе жатқан әлемдік үрдістің бір бөлігі болғымыз келетін кезеңде, мектептегі педагог, балабақшадағы тәрбиеші, министрліктердегі немесе басқа да білім беру құрылымдарындағы жауапты адамдар болсын, білім беру саласында жеке-жеке жұмыс істеу мүмкін емес. Біз бұл мәселеге жиі бетпе-бет келеміз, бізде білім бар, бірақ оны дағдыға айналдыра алмау жағдайлары жиі кездеседі. Менің ойымша, «Qabilet» жобасының миссиясы біз айтып отырған кемшіліктерді жоюға бағытталады», — деді дөңгелек үстелге қатысушыларға құттықтау сөзінде ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова.

«Qabilet» қызметінің басшысы Гүлім Жүсіпова балалардың қабілетін одан әрі табысты іске асыру үшін уақытылы диагностикалау маңыздылығын атап өтті.


«Биыл пилоттық режимде бүкіл ел бойынша 10-11 жастағы балаларды диагностикалау жүріп жатыр, келесі жылы 5-6 жастағы балаларды, сондай-ақ 7-9 жастағы балаларды диагностикалауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, біз келесі жылы енгізілетін кәсіптік бағдарлау тесттерін құру бойынша жұмыс жүргіземіз», — деді «Qabilet» қызметінің басшысы Гүлім Жүсіпова.

Оның айтуынша, жақын арада балалардың қабілеттеріне диагностика жасап қана қоймай, академиялық үлгерімді күшейтуге де көмек көрсету жоспарланып отыр.

Дөңгелек үстелге ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары, білім басқармалары мен «Дарын» орталықтарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Qabilet» қызметінің іске асырылып жатқан жобасының өзектілігін, жоғары ғылыми және әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, жалпы білім беретін мектептердегі психологтардың штаттық бірлігін арттыру қажеттігіне назар аударды.

Естеріңізге сала кетейік, «Qabilet» қызметі Елбасының «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылуда, ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры.