Сарапшылар: ШЫҰ саммиті геосаяси тұрғыда түбегейлі бетбұрысқа әкеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшылар: ШЫҰ саммиті геосаяси тұрғыда түбегейлі бетбұрысқа әкеледі

Сарапшылар: ШЫҰ саммиті геосаяси тұрғыда түбегейлі бетбұрысқа әкеледі

Астанада бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті өтті.  Саммит қорытындысы бойынша Астана декларациясы бірауыздан қабылданды. Құжатта Орта Азияда қауіпсіздікті сақтауға байланысты аса маңызды жайттар қарастырылған. Шанхай ұйымының мүшелері Батыста әскери қорғаныстың күшейіп жатқанына қарсы шығуда. Ал экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында ортақ жаңа валютаны енгізу көзделіп отыр. Қазірдің өзінде бірқатар сарапшылар Астанадағы саммиттің геосаяси тұрғыда түбегейлі бетбұрысқа әкелетініне сенімді.

  • 16 Маусым 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

Дәстүрге сай іргелі жиын амандасу рәсімінен басталды. Саммитке қатысқан мемлекет басшылары бір біріне осылайша сенім білдіре отырып, көкейлерінде тұрған мәселелерді жеткізгісі келді. Бірінші кезекте олар осыған дейін атқарылған істерді түйіндеп, алдағы даму белестерін айқындауға мүмкіндік алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының  Президенті:

— Ұйымның осы 10 жылда жүріп өткен жолы бәріміздің көз алдымызда. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, экономикалық даму мен өркениеттер арасында ынтымақтастықты көздеген жан-жақты тиімді құрылымға айналды. Басқосудың ең маңызды нәтижесі – Астана декларациясының қабылдануы деп білемін.

Саммит нәтижесінде қабылданған құжаттардың барлығы  халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға ықпал етпек. Нұрсұлтан Назарбаев тағы да батыл бастамаларды көтерді. Елбасы электронды шекараларды енгізу керектігін алға тартады. Қазір виртуалды кеңістікті бақылау тәжірибесі мұхиттің ар жағында кең қолданылуда. Сондай-ақ бақсосуға қатысушылар Батыстан көрсетіліп жатқан қауіптерге ашық қарсылықтарын білдірді.

Махмұд Ахмадинежад, Иран ислам республикасының президенті:

— Құл иеленушілер, отаршылдар, басқыншылар мен адамзаттың басты проблемаларын туғызушылар біздің халықтарымыз бен мемлекеттерімізге қысым көрсету үшін бір сылтауды табады. Бұл әрекеттерін олар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау деп атайды.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті:

— Еуразиялық геосаяси кеңістікте жаңа талқандау жоспарларын құрып жатқан кұштерді тоқтату керек! Оған тек ұжымдасып қол жеткізуге болады.

Бірлігі жарасқан Шанхай ұйымына мүше болуға осы күні біршама ел қызығушылық  танытып  отыр. Қазір оған Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан – барлығы 6 мемлекет кіреді. Осылардың қатарына енуге үміттенген Иран, Пәкістан мен Үндістан елдерінің президенттері бүгін өздерін тағы да ұсынып көрді. Ауғанстан, тым болмағанда  ресми бақылаушы ретінде тіркелмек ниетте. Бұл бастамаларды, әсіресеРесей құптап отыр.


Дмитрий Медведев, Ресей Федерациясының президенті:

— Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзара іскерлік үшін ашық болып келді, және осындай болып қала береді. Ұйымға мүше ретінде кіру үшін ұсыныс білдіруші мемлекеттің міндеттерін көрсететін меморандумның бекітілуі де  Ұйымның дамуында маңызды қадам болады деген сенімдемін.

Әзірге Шанхай ұйымынан мүдделі жаңа елдердің толыққанды мүшелікке қабылдану-қабылданбауы туралы сұрақ ашық күйінде қалып отыр.  Ұйымның ендігі төрағасы — Қытай.

Саммитте жаңа валютаны шығару туралы туралы да  айтылмай қоймады. Осыған дейін әр елде бұл мәселенің жеке көтеріліп жүргені белгілі. Енді ортақ мақсат нақты жолын тапты. Бұл ақшаға алтыннан кепілдеме берілмек. Жалпы,болашаққа жоспарлар баршылық. Соның ішінде бірыңғай көлік-энергетикалық кеңістікті және ядролық қарудан еркін аймақты құру да көзделген. Ал бірбіріне қолдау көрсету мақсатында төтенше жағдай орталығы мен азық-түлік комитетін ұйымдастыру жағы қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар