Саратов облысының экономика және инвестиция министрінің орынбасары Андрей Шарапов Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі тараптарға облыстың ең бәсекеге қабілетті кәсіпорындарын таныстырды. Бұл кәсіпорындар Қазақстанға өз өнімдерін шығаруға даяр. Сондай кәсіпорындардың санатында «Вольскцемент» ААҚ, «СЭПО-ЗЭМ» АҮАҚ, «Саратов подшипник зауыты» ААҚ тәрізді зауыттарды атауға болады деді ол.
Саратов облысының экономика және инвестиция министрі Александр Степановтың пікірінше, Саратов облысы — өзіне қажетті барлық тауар түрлерін өз аумағында өндіретін бай облыс. Облыста тек қант тапшы. Сонымен қатар, А.Шараповтың айтуынша, Саратов облысы Батыс Қазақстан облысының көршілес аудандарынан сүт және «баға жағынан бәсекелі болған жағдайда» өңдеуге арналған ет импорттауға мүдделі.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлерді Ресейдегі салық проблемасы мен жүктерді кедендік рәсімдеу барысында туындайтын қиындықтарға назар аударды. Батыс Қазақстан облыстық шағын кәсіпкерлік өкілдері Ресейліктерге автокөліктерді сақтандырудың проценттік өсімақысын төмендету туралы өтініш білдірді. Ал А.Шарапов өз кезегінде кедендік рәсімдеу кезінде Қосалқы құн салығын қайтару мерзімін реттеу қажеттігін айтты.
Айтылған ұсыныстардың барлығы да Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі мен Саратов облысының үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою барысында ескеріледі деп күтілуде. Хаттамаға бүгін, 4-маусымда қол қойылады.