Саратовта XIV ғасырдағы Алтын Орда қонысы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саратовта XIV ғасырдағы Алтын Орда қонысы табылды

Саратовта XIV ғасырдағы Алтын Орда қонысы табылды

Саратов облысында археологтар жуырда табылған  Алтын Орда дәуірінің қонысына қазба жұмыстарын бастады. ТАСС-қа   экспедиция басшысы Дмитрий Кубанкин хабарлағандай, бұл мекен XIV ғасырдағы көшпелі елдің тұрағы болуы мүмкін.

  • 15 Қазан 2014
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Алтын Орда қонысын, оның ішінде жақсы сақталған орынды табу аса сирек кездесетін сәттілік. Ірі қалаларға қарағанда мұндай мекендердің сақталып қалуы неғайбыл», — деді Кубанкин.

Қазба орындарынан XIV ғасыр ортасындағы тиындар мен ыдыс-аяқтар табылды. Бұл орын жақын жерде орналасқан ірі алтынордалық Үкек қаласымен тікелей байланысты болуы әбден мүмкін деп санайды археологтар.

Археологтардың пікірінше, Үкек қаласының негізі XIII ғасырдың ортасында қаланды. Ол XIV ғасырға дейін  өмір сүрген. Кейіннен Әмір Темір әскері қиратқан деген болжам бар.  Қала ірі қалалардың біріне жатқан. Оған Марко Поло мен Абу-ль-Фида сияқты саяхатшылар келген.