Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.
Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және Тұран-Астана университетін бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.
1996-1998 жылдары – Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы.
1998-1999 жылдары – Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы.
1999-2002 жылдары – Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологі, меңгерушісі.
2002-2007 жылдары – Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы.
2007-2009 жылдары – Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары.
2009-2011 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары.
2011-2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директоры.
2014-2015 жылдары – ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2015-2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.
2017-2019 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.
2019-2020 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылдан бастап қазірге дейін – Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.